Шығыстану факультеті
Шығыстану факультетінің басты мақсаты – шығыс елдерінің тілдерін, тарихын, мәдениеті мен әдебиетін терең және жан-жақты зерттеуге қабілетті, ғылыми тұрғыдан ойлайтын, зияткерлік әлеуеті жоғары, шығармашылыққа бейім және белсенді жастарды даярлау болып табылады. Шығыстану саласы өзінің көпқырлылығымен, пәнаралық табиғатымен ерекшеленеді, сондықтан біз білім алушыларға тілдік дағдыларды үйретумен шектелмей, олардың тарихи-мәдени және саяси-дипломатиялық процестерді кешенді түрде түсіну қабілетін дамытуға, дербес зерттеу жүргізу және сыни талдау машықтарын қалыптастыруға баса назар аударамыз. Факультетте білім алушыларға халықаралық ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларына қатысуға, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық шеңберінде тәжірибе алмасуға, сондай-ақ шет тілдерінде ғылыми дискурс жүргізуге мүмкіндік беріледі. Біз білім алушылардың ғылыми ізденістерге араласуына, жеке шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына және өмірдің түрлі салаларында үйлесімді дамуына жан-жақты қолдау көрсетеміз. Шығыстану факультеті кәсіби білім беретін орын ғана емес, сонымен бірге ғылым мен мәдениетті ұштастыратын, студенттердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған ірі ғылыми-академиялық орталық болып табылады. Біз шығыстануға қызығушылық танытқан әрбір жас ізденушіні қарсы алуға дайынбыз және олар өз қабілеттерін толық іске асырып, халықаралық ғылыми қауымдастықта лайықты орын иеленетініне кәміл сенеміз.
Факультет
Бакалавриат
Білім беру бағдарламасының мақсаты – мемлекеттік және билік органдарында, халықаралық ұйымдарда, аналитикалық жұмыстарда, бизнес ортада, коммерциялық емес секторда және білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті шығыстанушы мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты –шығыстану саласындағы жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау: - қоршаған орта шынайлығын дүниетанымдық, адамгершілік және азаматтық ұстанымдар негізінде бағалайтын; - халықаралық талаптарға сәйкес келетін және қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдыларды жетік меңгерген; - Шығыс елдеріндегі қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларды талдауға және оның даму болашағын болжауға қабілетті; - Шығыс елдеріндегі тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-мәдени үдерістердің жалпы даму барысын бағалайтын; - оқытылатын Шығыс елінің тілдерін, сондай-ақ, қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген; - ұйымдастыру-басқару қызметін жүзеге асыруға қабілетті; - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін пайдаланатын; - жеке білім беру траекториясын қалыптастыратын.
БББ мақсаты шет (шығыс) тілдерін еркін меңгеру арқылы кәсіби міндеттерді шешуге және кәсіби және өзге де қызметтің әртүрлі аспектілері бойынша өз пікірін дәлелді түрде білдіруге қабілетті, қоршаған ортадағы, оның ішінде шет тілдік ортада, шынайы болмысты нақты адамгершілік және азаматтық ұстаныммен барабар бағалай алатын маманды сапалы даярлау.
Ана тілі мен шет тілі ретіндегі шығыс тілдерін жетік меңгерген маман-аудармашыларды сапалы дайындау. Аударма және ауызша аударма саласында қызмет көрсету арқылы тіларалық және мәдениетаралық коммуникацияны көрсете алатын маман тұлғасын қалыптастыру.
Аймақтану саласындағы тиісті заманауи әзірлемелерді кең сыни білімі бар және жалпы және кәсіптік мәдениеттің жоғары деңгейі бар ғылыми және білім беру саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды сапалы даярлау. Бағдарлама өңірлердегі (Оңтүстік Азия және Оңтүстік-Шығыс Азия) қазіргі әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайды талдай алатын маманның, сарапшының жеке басын қалыптастыруға бағытталған
Магистратура
Білім беру бағдарламасының мақсаты - ғылым және білім беру саласы үшін қазіргі заманғы шығыстанудың дамуы жайлы жан-жақты сыни көзқарасқа ие, жалпы және кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейін меңгерген мамандар дайындау. Бағдарлама Шығыс елдеріндегі қазіргі әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени ахуалға әдіснамалық, теориялық және практикалық тұрғыда талдау жүргізе алатын шығыстанушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – аударматану саласында жаңа тәсілдерді генерациялай алатын, коммуникативті, этикалық нормаларды сақтайтын және ұлттық, қоғамдық, жеке ұйымдардың жұмысында халықаралық тілде аудармашының кәсіби функцияларын орындай алатын, жүйелі білім кешені бар, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
ББ мақсаты - ғылым мен білім беру саласында шығыс тілдерін білетін филолог мамандарды сапалы дайындау.
Ғылым мен білім беру саласында түрік тілін жоғары деңгейде меңгерген бәсекеге қабілетті филолог мамандарды сапалы дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – шығыс тілінің мәдени контекстерін терең түсінетін, тілдік құрылымдарды жақсы меңгерген және тілдік құбылыстарды зерттеп, талдай алатын жоғары білікті мамандарды дайындау. Бағдарлама магистранттардың сыни ойлауын, мәдени сауаттылықтарын және мәдениетаралық құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған, осы арқылы оларды әртүрлі тілдік-мәдени қоғамдарға тез икемделіп, әрекеттесуге, шығыс тілдері мен мәдениеттері бойынша ғылыми зерттеумен айналысуға, мәдениетаралық қатынастарды түсіну мен зерттеуде инновациялық тәсілдерді пайдалануға ынталандырады.
Ғылым және білім беру саласы үшін толық сыни білімді игерген, аймақтану саласының қазіргі талаптарына мен жалпы және кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейіне сәйкес келетін жоғары кәсіби білімді мамандарды сапалы дайындау.
Докторантура
БББ мақсаты – Шығыс елдері және Қазақстан үшін қазіргі кезеңде өзекті саналатын әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық процестер талабын түсініп, оларды оқып-зерттей алатын, сонымен қатар сол елдердің алдында туындайтын негізгі күрделі проблемаларды шешу жолдарын анықтап, кешенді зерттейтін, шығыстану ғылымының өзекті бағыттарының дамуына лайықты методологияны таңдау, теориялық материалды терең оқып-меңгеру негізінде дербес ғылыми зерттеу жүргізе алатын отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті ғылыми мамандарды дайындау.
Бағдарлама мақсаты – Шығыс елдері мен Қазақстанға тән әлеуметтік, мәдени, ұлттық ерекшеліктерін түсіну негізінде аударма теориясы мен практикасы саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, аударма ғылымы саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Докторанттарға өздерінің кәсіби және адами әлеуетін толық іске асыруға, көпұлтты, мультимәдени, плюралистік Қазақстан қоғамының дамуына және отандық ғылымның елеулі ілгерілеуіне лайықты үлес қосуға мүмкіндік беретін сапалы білім беру. Білім беру бағдарламасы аударма теориясы мен практикасы саласында, сонымен қатар мәдениеттану мен лингвистиканы зерттеу саласында тереңдетілген іргелі зерттеулер жүргізу арқылы отандық аударма ғылымын дамытуға қабілетті ғылыми мамандарды даярлауға және әлемнің лингвистикалық бейнесіне қатысты лингвистикалық аударма модельдерінің тәжірибесін көрсететін және түсіндіретін аударманың семантикалық модельдеу заңдылықтарын анықтауға бағытталған. Кәсіби мәселелерді ойдағыдай шешетін жоғары білікті аудармашы кадрларды даярлау, қазіргі заманғы лингвистикалық білімнің дамуында мемлекеттің басым стратегияларының бірі болып табылады.
ББ мақсаты – Шығыс тілі мен әдебиеті саласындағы жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау.
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",мекен-жайы бойынша.
Телефон номері: +7 727 377-33-33
Ішкі: 17-88
Магистратура және докторантура: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",мекен-жайы бойынша.
Телефон номері: +7 727 377-33-33
Ішкі: 17-88