Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің цифрлық қауіпсіздігін ТДМ 4 және ТДМ 16 аясында нығайту — ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің цифрлық қауіпсіздігін ТДМ 4 және ТДМ 16 аясында нығайту

28 қараша 2025
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің цифрлық қауіпсіздігін ТДМ 4 және ТДМ 16 аясында нығайту

Цифрлық қауіпсіздік — әрбір адам үшін маңызды!

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, химия және химиялық технология факультетінің «Малахит» залында «Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Студенттер интернеттегі қауіпсіздік, онлайн-алаяқтықтан қорғану және құқықтық жауапкершілік қағидалары туралы маңызды ақпарат алды.

Іс-шараға физика-техникалық факультетінің студенттерін аға куратор Зүлбухарова Эльмира Мұқанқызы бастап келді және толықтай алып жүрді.

Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының ЦУР 4 (Сапалы білім) және ЦУР 16 (Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар) бағыттарымен өзара сабақтасып, жастардың саналы цифрлық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосады.