әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары "Қазақстандағы мультикультурализм саясаты" атты дәстүрлі тәрбие іс-шарасын өткізді. Осы іс-шара аясында шетелдік тыңдаушылар Алматы қаласындағы орыс православ шіркеуінің Вознесенский кафедралды соборына саяхат жасады. Мұндай іс-шаралар шетелдік аудиторияның қызығушылығын тудырады, өйткені Қазақстан 120-дан астам түрлі халықтар мен 40 діни бірлестіктердің өкілдерін бір шаңырақ астында біріктіретін этносаралық және конфессияаралық келісім қоғамының өзіндік моделі бар бірегей мемлекет болып табылады.
Басқа жаңалықтар
10 тамыз 2026