ҚазҰУ музейіне Хэнань қаржы-экономикалық университетінің ректоры Ван Сюэюнь ханымның ресми сапары — КазНУ

ҚазҰУ музейіне Хэнань қаржы-экономикалық университетінің ректоры Ван Сюэюнь ханымның ресми сапары

18 декабря 2025
ҚазҰУ музейіне Хэнань қаржы-экономикалық университетінің ректоры Ван Сюэюнь ханымның ресми сапары

ҚазҰУ музейіне Қытай Халық Республикасындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Хэнань қаржы-экономикалық университетінің ректоры Ван Сюэюнь ханым ресми сапармен келді. 

Сапар барысында тараптар академиялық және ғылыми ынтымақтастықты нығайту, білім беру үдерісіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ ҚазҰУ-дың шетелдегі филиалдарын дамыту перспективаларын талқылады.

Музей экспозициясымен танысу қонақтарға ҚазҰУ-дың бай тарихын, ғылыми жетістіктерін және халықаралық білім кеңістігіндегі стратегиялық бағытын көрсетуге мүмкіндік берді.

Бұл кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары білім саласындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болды.