Оралова Ақнұр Амангелдіқызы — ҚазҰУ
Оралова Ақнұр Амангелдіқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02206-Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Оралова Ақнұр Амангелдіқызының «Батыр Қожаберген Жәнібекұлының өмірі мен әскери-дипломатиялық қызметі (1689–1785 жж.)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1.Исенов Өтеген Ихсанұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті (Қостанай қ., Қазақстан). Мамандығы: «07.00.02 –  Отан тарихы (Қазақстан тарихы)»

2. Ғани Мұқашұлы Қарасаев – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекет тарихы институты, (Астана қ., Қазақстан).  Мамандығы: «07.00.02 –  Отан тарихы (Қазақстан тарихы)»

Ғылыми кеңесшілер:

1.   Қабылдинов Зиябек Ермұқанұлы –  тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас директоры (Алматы қ., Қазақстан).

2.   Әбдіуақап Қара – Мимар Синан атындағы университеті профессоры (Түркия, Стамбул).

 Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Тепкеев Владимир Толтаевич – тарих ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым академиясының Қалмақ ғылыми орталығының Тарих бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері (Элиста қ., Ресей Федерациясы).

2. Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы  – тарих ғылымдарының докторы, профессор,  «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының» директоры (Атырау қ., Қазақстан).

3. Махаева Айткүл Шайымқұлқызы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылдың 19 ақпанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «8D02206, 6D020300 – Тарих; 8D02207-Музей ісі және ескерткіштерді қорғау; 8D02205, 6D020800 - Археология және этнология; 8D03206 - Кітапханалық ақпарттық жүйелер; 8D03205-Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте аралас форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/92161868626?pwd=3Nh8WUY1Gi3cm3yaGL4psIRenEhZae.1

Идентификатор: 921 6186 8626

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық