ҚазҰУ музейіне Қытайдан келген оқытушылар қонақ болды — КазНУ

ҚазҰУ музейіне Қытайдан келген оқытушылар қонақ болды

27 января 2026
ҚазҰУ музейіне Қытайдан келген оқытушылар қонақ болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне Қытай Халық Республикасынан келген оқытушылар халықаралық академиялық ынтымақтастық аясында сапармен келді.Экскурсия барысында қонақтар ҚазҰУ тарихымен, ғылыми жетістіктерімен, Қазақстанның мәдени мұрасымен, сондай-ақ әл-Фараби мұрасы мен жоғары білімнің дамуына арналған экспозициялармен танысты.

Мұндай кездесулер кәсіби тәжірибе алмасуға, ғылыми байланыстарды нығайтуға және халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамытуға ықпал етеді.