Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі — ҚазҰУ

Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі

30 қаңтар 2026
Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі

2026 жылдың 29 қаңтарында Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-мақсаты – «Сапалы білім» аясында Алматы қаласы білім басқармасының "№33 мектеп-лицей" шақыртуымен 10-11 сынып оқушыларына  «Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі» атты кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді. 

Кездесуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, аналитикалық коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының доценті М.Ж. Керимкулова, PhD, аға оқытушы Е.Ғ. Бақытжан барды.

Кездесу барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұсынатын мүмкіндіктері сонымен қатар химия-биология, химия-физика бейіндік пәндерін таңдаған оқушыларға химия және химиялық технология факультетінің

-              білім беру бағдарламалары;

-              грантқа түсу мүмкіндіктері;

-              факультетте оқу және даму жолдары;

-              академиялық ұтқырлық;

-              ғылыми-зертеу жұмыстары;

-              болашақта маман ретінде жұмыс атқаруға болатын жұмыс берушілердің мүмкіндіктері мен түлектердің жетістіктері баяндалды.

Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, қызығушылықтарын танытты.

«Болашақ мамандықты таңдау – жарқын болашақ кепілі». Олай болса оқушылар үшін білім беру бағдарламалары жайлы толық ақпарат алу саналы түрде мамандық таңдауға септігін тигізеді. Химия және химиялық технология факультетінің білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдап, меңгерген бүгінгі оқушы ертеңгі «Қазақстанның химия саласы мұнай өнеркәсібінде, тамақ өндіру саласында, фармацевтикада, ауыл шаруашылығында, құрылыста және т.б. салаларда адал мамандық иесі болатыны анық. Өз мамандығына «Адал азамат» мемлекетіміздің өркендеуіне «Әділетті Қазақстанды» құруға, тәуелсіз елдің болашағы зор болуына кепілдік береді.