Шешендік өнер сайысының іріктеу турының жеңімпаздары анықталды! — ҚазҰУ

Шешендік өнер сайысының іріктеу турының жеңімпаздары анықталды!

30 қаңтар 2026
Шешендік өнер сайысының іріктеу турының жеңімпаздары анықталды!

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да наурыз айында өтетін жапон тіліндегі Республикалық шешендік өнер сайысының университетішілік іріктеу кезеңі өтті.
Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің 10 студенті өз шеберліктерін паш етті. Жапонтану оқытушыларынан құралған  қазылар алқасы келесі студенттерді іріктеді:
🌸 Ильяшева Сара (2-курс)
🌸 Елеубай Абылай (1-курс)
🌸 Нақыпбек Әділет (1-курс)
🌸 Садыкова Айым (1-курс)

Осы төрт талантты студент Республикалық сайыста университетіміздің атын жоғары ұстау үшін бақ сынайды!
頑張って!  - Сәттілік!