Қаржылық сауаттылық – заманауи студенттің маңызды дағдысы
2026 жылдың 10 ақпанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «Қаржылық тәртіп және жаман әдеттер» тақырыбында студенттермен кураторлық сағат өтті. Семинар қонағы — АҚШ-тың Алабама университетінің (University of Alabama at Birmingham) Қаржылық менеджмент мамандығы бойынша магистрі, қазіргі уақытта Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының докторанты Чын Цзясюй (Chen Jiaxu 陈嘉绪) мырза болды. Кездесу барысында Чын мырза «Жеке қаржылық қауіпсіздік, қаржылық және интернет-алаяқтықтан қорғану» бағытында мазмұнды әрі тартымды дәріс оқыды. Лекцияда қаржылық сауаттылық, жеке қаражатты қорғау жолдары және заманауи алаяқтық түрлерінен сақтану тәсілдері кеңінен түсіндірілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенді пікір алмасып, нәтижесінде мазмұнды әрі пайдалы талқылау ұйымдастырылды.
.jpeg)

Басқа жаңалықтар