Метеорология БББ студенттеріне арналған халықаралық гранттар мен стипендиялар туралы дәріс — ҚазҰУ

Метеорология БББ студенттеріне арналған халықаралық гранттар мен стипендиялар туралы дәріс

16 наурыз 2026
Метеорология БББ студенттеріне арналған халықаралық гранттар мен стипендиялар туралы дәріс

Осы аптада «Метеорология» БББ 3-курс студенттеріне шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттық дәріс өткізілді. Студенттер АҚШ, Еуропа, Жапония және Корея бағыттарындағы оқу бағдарламалары және «Болашақ» мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы туралы мәлімет алды.    


 

Бұл дәріс БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тікелей байланысты:

🌍 ТДМ 4 — Сапалы білім

🌍 ТДМ 13 — Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл

🌍 ТДМ 17 — Тұрақты даму жолындағы әріптестік.  


Болашақ метеорологтар — климаттық өзгерістермен экологиялық сын-қатерлерді зерттеп, олардың салдарын азайтуға бағытталған маңызды мамандар. Шетелде білім алу оларға алдыңғы қатарлы зертханаларға, ғылыми деректерге және халықаралық ғылыми қауымдастықпен байланыс орнатуға мүмкіндік береді, бұл жаһандық климаттық мәселелерді шешуге өз үлесін қосуға жол ашады.