«Игілік керуені» – мейірімділік пен қайырымдылыққа үндейтін игі бастама
Қайырымдылық пен жанашырлыққа негізделген «Игілік керуені» челленджі өз жалғасын табуда. 2026 ж. 14 наурыз күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 304 тобының студенттері, топ эдвайзері – мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті Н.Қ. Мынбатырованың жетекшілігімен бұл игі іске атсалысып, қайырымдылық керуеніне өз үлестерін қосты.
Бұл бастама Көрісу күні (Амал мерекесі) мен қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылған ерекше жоба болып табылады. Оның негізгі мақсаты – қоғамда мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық сияқты құндылықтарды кеңінен насихаттау.
Ауызашар уақыты жақындағанда студенттер қала көшелеріне шығып, ауыз ашуға үлгермей жүрген жандарға су мен құрма ұсынып, ізгі ниеттерін білдірді. Бұл тек тамақ тарату ғана емес, адамдарға деген құрмет пен жылы ықыластың көрінісі. Ешқандай алғыс күтпей, шынайы ниетпен жасалған жақсылық. Осындай кішкентай игі істер қоғамда үлкен мейірімділіктің қалыптасуына жол ашады.
«Игілік керуені» – адамдардың жүрегін жақсылыққа жақындататын рухани көпір. Жақсылық жасап, бір-бірімізге қолдау көрсетуді ұмытпайық.
Басқа жаңалықтар