- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жастардың экологиялық мәдениеті: тұрақты болашаққа қадам (Тұрақты даму мақсаттары бойынша)
Жастардың экологиялық мәдениеті: тұрақты болашаққа қадам (Тұрақты даму мақсаттары бойынша)
26.03.2026 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында «Тұрақты даму мақсаттары бойынша Жастардың экологиялық мәдениеті» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Аталған іс-шараны педагогикалық практика жетекшісі – техника ғылымдарының кандидаты, доцент Құтжан Асқан Нұртайқызы мен «Экология» мамандығының 1-курс докторанттары ұйымдастырды. Іс-шара 3-курс бакалавриат студенттеріне арналды, сондай-ақ оған университет оқытушылары мен еркін тыңдаушылар қатысты. Бұл тұрақты даму және экологиялық білім беру мәселелеріне академиялық ортада жоғары қызығушылық бар екенін көрсетеді.
Қазіргі таңда экологиялық мәдениетті қалыптастыру – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі және Ғаламдық экологиялық мәселелер жағдайында жастардың тұрақты даму қағидаларын күнделікті өмірге енгізетін негізгі қозғаушы күш екенін айқындайды. Осы тұрғыда Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының қызметі ерекше маңызға ие, себебі кафедра экологиялық ойлауды және жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған білім беру және ағартушылық жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. 
Іс-шара интерактивті форматта және үш тілде өткізілді, бұл кең аудиторияны қамтып, пікір алмасуға ашық алаң қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бағдарлама аясында келесі заманауи және өзекті презентациялар ұсынылды: «Эко-Алматы: саналы өмір салтына арналған нұсқаулық»;«Жастардың экологиялық мәдениеті: күнделікті тәжірибе және әлеуметтік рөлі» және «Жастардың экологиялық өмір салты».
Баяндаманы Кобланова Асель, Ахметжанова Диана, Арифзаде Елнур, Жумажанов Арман, Садвакасов Ерлан және Шаймаханова Асем ұсынды.
Докторанттар педагогикалық практика барысында алған білімдері бойынша жоғары дайындық деңгейін, кәсібилігін және материалды сенімді меңгергенін көрсетті. Олардың баяндамалары өзектілігімен, мазмұндылығымен және практикалық бағыттылығымен ерекшеленіп, аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды. Жастардың өмірімен және тұрақты даму мәселелерімен тікелей байланысты маңызды экологиялық тақырыптар көтерілді. Докторанттардың белсенділігі мен аудиториямен тиімді қарым-қатынасы іс-шараның мазмұнды әрі тартымды өтуіне ықпал етті.
Қатысушылар үшін ерекше қызығушылық тудырған бөлім – экологиялық мәдениет пен тұрақты даму мақсаттарына арналған интерактивті ойын болды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз білімдері мен қызығушылықтарын көрсетті.
Іс-шара барысында педагогикалық практика жетекшісі, т.ғ.к., доцент Құтжан Аскан Нуртаевна сөз сөйлеп, жастар арасында экологиялық сананы қалыптастырудың атап өтті.

Кездесу барысында жастардың экологиялық әдеттері, қоршаған ортаға жауапкершілігі, тұрақты өмір салты және әр адамның жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қосатын үлесі сияқты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды.
Іс-шара жоғары деңгейде, белсенді әрі мазмұнды түрде өтті. Шара соңына қарай, студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, сұрақтар қойып және талқылауға белсенді қатысты.
Осындай іс-шаралар студенттердің білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың экологиялық мәдениетін, жауапкершілігін және азаматтық белсенділігін қалыптастыруға ықпал етеді. Аталған іс-шара ЮНЕСКО тұрақты даму кафедрасының тұрақты болашақ идеяларын ілгерілетудегі маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Басқа жаңалықтар