ҚазҰУ жастары Анкарада жарқын болашаққа дауыс берді — ҚазҰУ

ҚазҰУ жастары Анкарада жарқын болашаққа дауыс берді

15 наурыз 2026
ҚазҰУ жастары Анкарада жарқын болашаққа дауыс берді

ТДМ-17 15-наурыз 2026 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің “Халықаралық журналистика” және “Қоғаммен байланыс” білім беру бағдарламасының студенттері Түркия республикасының Анкара қаласындағы Қазақстан республикасының елшілігінде еліміздің жарқын болашағының бет-бейнесін танытар референдумға қатысып, өздерінің азаматтық белсенділіктерін танытты.

Бұл оқиға білім алушылардың “Түрксой” халықаралық ұйымы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің Ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының қолдауы негізінде жүзеге асып жатқан “Жас медиа мамандардың” халықаралық форумы аясында мүмкін болды. Университет студенттерінің арасында 18 жасқа толып, алғаш рет сайлау құқығын пайдаланған жастар үшін бұл тарихи сәт еді. Референдум алдында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы «Сіздердің таңдауларыңыз – бюллетень қағазындағы жай ғана белгі емес. Ол – нағыз халық Конституциясы жобасына көрсеткен нақты қолдауыңыз. Жастар Қазақстанды дамудың даңғыл жолына салуға атсалысады» деген болатын. Осылайша жастар Халық конституциясы жобасын қолдай отырып, Қазақстанның болашағы үшін маңызды қадам жасады.

Елшілікте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің профессор-оқытушылары мен студенттерін Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиевтің орынбасары Прназаров Файзулла Рахмедуллаұлы қабылдады. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ректоры Қансейіт Жансейітұлы мен «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев мырзалардың қолдауымен келген медиа мамандар форумының ісіне сәттілік тілеп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі түркі әлемінің бірлігін нығайтуды Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі ретінде қарастырып отырғанын және осы бағытта бірлесе қызмет атқара берейік деген тілегін жеткізді. 

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы