«Responsible consumption and production» тақырыбында дөңгелек үстел
2026 жылдың, сәуір айының 6 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетел тілдері кафедрасының оқытушылары — А.Т. Мурзатаева, А.Б. Абылкасова, А.Н. Ахмедова, Н.А. Суттибаев, Н.Б. Момбекова, А.С. Режеп, И.В. Блавачинская және Г.А. Оразаева және профессор Мәдениетұлы Еркебулан ( Leeds University, London). — Тұрақты даму мақсаттарының 12-ші мақсаты және университеттің Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін БҰҰ-мен ынтымақтастық жобасы аясында «Responsible consumption and production» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара сағат 12:00-де басталып, оны А.Б. Абылкасова жүргізді: Қатысушыларды қарсы алып, таныстырғаннан кейін негізгі бөлімде Биология және Биотехнология факультетінің тоғыз студенттік командасының спикерлері баяндама жасады.

Олар тұрақты тұтынудың аспектілерін, мысалы, күнделікті әдеттердің жаһандық тұрақтылыққа әсері (Maula Abu Naim Md Shafiul), табиғи ресурстарды тиімді пайдалану (Ілиясова Аяжан), қалдықтарды басқару және қайта өңдеу (Нұрланқызы Aдема, Мұқатов Арсен және Идбиминов Ильяр), тамақ қалдықтары (Ақкенжеева Меруерт), өндірістің қоршаған ортаға әсері (Зайырова Диляра және Иманқалиева Раушан), жауапты тұтыну (Қазбекқызы Іңкәр және Досан Елназ), ресурстарды тұрақты пайдалану (Дінмұхамедова Дана және Буратова Лаура) және т.б. қамтыды.
Басқа жаңалықтар