Білімді жастар – білімді ел — ҚазҰУ

Білімді жастар – білімді ел

27 наурыз 2026
Білімді жастар – білімді ел

2026 жылғы 27 наурызда 7-ТДМ «Сапалы білім» аясында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы «Білімді жастар – білімді ел» тақырыбында зияткерлік сайыс өткізді. Аталған іс-шара № 145 мектеп-гимназиясының кітапханасында өтті. Сайысьтың ұйымдастырушылары – «8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс докторанттары Мұратбаев Алишер Арманұлы және Дүйсебай Перизат Дүйсебайқызы.

Іс-шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Темірболат Алуа Берікбайқызы, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Баязитов Бақықожа Байғожаұлы белсенді қатысты. Зияткерлік сайыс 2 курс «6В02306 – Әдебиеттану» мамандығы студенттері мен № 145 және № 207 мектеп-гимназиясының оқушылары арасында өткізілді.

Байқау барысында қатысушылар қазақ әдебиеті мен мәдениеті бойынша әртүрлі тапсырмаларды орындап, білімдерін сынады, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Студенттер мен оқушылар белсенді пікір алмасып, қызықты идеяларымен бөлісті және әдеби мұрадан мысалдар келтірді.

Бұл шара университет пен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, жастардың ана тілін және әдебиетін тереңірек үйренуге деген қызығушылығын арттырды. Жеңімпаздар естелік сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды, ал барлық қатысушылар баға жетпес тәжірибе жинады.

Мұндай шаралар бізге бір нәрсені тағы да дәлелдейді: білімді жастар – елдің күш-қуаты, мәдениеті мен ғылымының болашағы, рухани құндылықтарын дамытуға қабілетті ұрпақ.