- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Экономика» кафедрасы 1 секция бойынша «Қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері және стратегиялық басымдықтар: адам капиталы, цифрландыру және Қазақстанның инклюзивті дамуы»
«Экономика» кафедрасы 1 секция бойынша «Қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері және стратегиялық басымдықтар: адам капиталы, цифрландыру және Қазақстанның инклюзивті дамуы»
7 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің Экономика және бизнес жоғарымектебінде V Халықаралық Фараби форумы аясында«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақтыэкономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» атты IV Халықаралықғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияаясында «Экономика» кафедрасы «Қазіргі заманныңжаһандық сын-қатерлері және стратегиялықбасымдықтар: адам капиталы, цифрландыру жәнеҚазақстанның инклюзивті дамуы» тақырыбындағы 1-секция отырысын ұйымдастырды.
Секция жұмысына отандық және шетелдікғалымдар, жас зерттеушілер мен мамандар қатысып, жаһандық экономикалық өзгерістер жағдайындағыөңірлік даму, цифрландыру, ESG, жасыл даму, қызмет көрсету саласы, туризм, электрондыққызметтер және адами капиталды жаңаша бағалаумәселелері бойынша өзекті баяндамалар ұсынылды. Секция барысында ғылыми пікір алмасу жүріп, қатысушылар арасында белсенді талқылауұйымдастырылды.
Секциялық отырыста келесі баяндамаларұсынылды:
David Celletti – «Industrial Clusters and Regional Development: The Experience of Northeastern Italy»(Италия)
Баяндамада өнеркәсіптік кластерлердің өңірлікдамуға ықпалы және Солтүстік-Шығыс Италиятәжірибесінің ерекшеліктері қарастырылды. Авторкластерлік модельдің аумақтық экономиканыңбәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлінайқындады.
Артиков Зокир Сайфиддинович – «Роль торговлиуслугами в сокращении бедности и повышении уровнясостояния благосостояния»
Баяндамада қызметтер саудасының кедейлікті азайтумен халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсері талданды. Қызмет көрсету секторының экономикалық өсім менәлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызыкөрсетілді.
Сабирова Рысты Куандыковна – «Жасыл дамуменбайланысты экономикалық-экологиялық саясат»(Атырау)
Баяндама жасыл даму тұжырымдамасы аясындағыэкономикалық және экологиялық саясаттың өзарабайланысына арналды. Тұрақты дамуды қамтамасызетуде экологиялық жауапкершілік пен экономикалықтетіктерді үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.
Курбанова Рахима Жамшедовна – «Модернизацияпредприятий сервиса и повышение эффективностиобслуживания» (Өзбекстан) Баяндамада сервискәсіпорындарын жаңғырту және қызмет көрсетусапасын арттыру жолдары қарастырылды. Қызметкөрсету тиімділігін жоғарылатуда заманауи басқарутәсілдері мен инновациялық шешімдердің рөліайқындалды.
Саттарова Зухра Илхамовна – «Проблемы развития культурного туризма в Самаркандской области» (Өзбекстан)
Баяндама Самарқанд облысындағы мәдени туризмді дамытудың негізгі мәселелеріне арналды. Өңірдің туристік әлеуетін тиімді пайдалану және мәдени мұраны ілгерілету тетіктері сөз болды.
Даулетбаков Бакыткан – «ESG трансформациясы — Қазақстандағы тұрақты экономикалық дамудың парадигмасы»
Баяндамада ESG қағидаттарының Қазақстандағы тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етудегі орны қарастырылды. Автор ESG трансформациясының бизнес, қоғам және мемлекеттік саясат үшін маңызын атап өтті.
Zh.G. Imangali, S. Velesco, A.Zh. Panzabekova – «Digital Transformation of Regional Ecosystems as a Driver of Sustainable Economic Development in the Context of Global Change»
Баяндама өңірлік экожүйелерді цифрлықтрансформациялау мәселелеріне арналды. Цифрландырудың жаһандық өзгерістержағдайындағы тұрақты экономикалық дамудыңқозғаушы күші ретіндегі маңызы негізделді.
Nariman J. Hajiyev – «The impact of e-services on sustainable socio-economic development and assesment of e-government efficiency» (Әзірбайжан)
Баяндамада электрондық қызметтердің тұрақтыәлеуметтік-экономикалық дамуға ықпалы менэлектрондық үкімет тиімділігін бағалау мәселелеріқарастырылды. Цифрлық сервистердің мемлекеттікбасқару сапасын арттырудағы рөліне назараударылды.
Ло Хансиуануо – «Analysis of the Current Status of Digital Economy Development and Industrial Structure Transformation in Kazakhstan»
Баяндама Қазақстандағы цифрлық экономиканыңқазіргі даму жағдайын және өнеркәсіптікқұрылымның трансформациясын талдауға арналды. Ел экономикасын әртараптандыру мен цифрландыруүдерістерінің өзара байланысы көрсетілді.
Сонымен қатар, Жиенбаев Ерұлан Әсентайұлы өзбастамасымен «ЖИ дәуіріндегі адами капиталдыңжаңа моделі: TOLYQ ADAM INDEX (TAI)»тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада жасандыинтеллект дәуіріндегі адами капиталды бағалаудыңжаңа тәсілдері ұсынылып, TOLYQ ADAM INDEX (TAI) тұжырымдамасының мазмұны таныстырылды.
Секция отырысы мазмұнды әрі жоғары ғылымидеңгейде өтті. Баяндамалар аясында қатысушыларпікір алмасып, өзекті мәселелер бойынша сұрақтарқойып, ғылыми көзқарастарын ортаға салды. Іс-шаражаһандық өзгерістер жағдайындағы экономикалықдаму мәселелерін талқылауға, ғылыми байланыстынығайтуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар