Эмоционалды интеллект – тұрақты дамудың негізі
2026 жылғы 31 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы мен «Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейі» КММ білім беру кеңістігіндегі өзара ынтымақтастықты дамыту аясында «Эмоционалды интеллект – тұрақты дамудың негізі» (ТМД-7) тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара «Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейі» КММ базасында өтті.
Бұл бастама жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы нәтижелі байланыстың нақты көрінісі ретінде танылып, сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды. Бірлескен педагогикалық қауымдастықтың кәсіби ынтымақтастығы артып, білім алушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін мазмұнды ойлар мен құнды тәжірибелер ортаға салынады.
Ұйымдастырушылар: п.ғ.к., қауымд.проф Әлғожаева Н.С., аға оқытушы Мурзагулова М.Д.
Басқа жаңалықтар