«Фараби Әлемі» халықаралық конференциясы аясында мастер-класс өтті — ҚазҰУ

«Фараби Әлемі» халықаралық конференциясы аясында мастер-класс өтті

7 сәуір 2026
«Фараби Әлемі» халықаралық конференциясы аясында мастер-класс өтті

«Фараби Әлемі» халықаралық конференциясы аясында кафедрамыздың доцент-зерттеушісі, география ғылымдарының кандидаты Мусина Айнур Каировна «Ғылыми мақаланы жазу және жариялау» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Іс-шара барысында ғылыми мақаланы дайындаудың негізгі кезеңдері, зерттеу нәтижелерін жүйелі ұсыну, тақырып таңдаудың маңыздылығы, сапалы журналды іріктеу, жарияланым талаптарын сақтау және академиялық жазудың өзекті мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар, ғылыми еңбекті жариялау үдерісінде жиі кездесетін өзекті әрі маңызды мәселелер қозғалып, қатысушыларға пайдалы тәжірибелік кеңестер берілді.


Мастер-класс жоғары деңгейде өтіп, мазмұнды әрі әсерлі форматта ұйымдастырылды. Кездесу барысында қозғалған тақырыптар жас зерттеушілер үшін ерекше қызығушылық тудырып, ғылыми ізденісті дамытуға серпін берді.

Кафедра ұжымы атынан қауымдастырылған профессор Мусина Айнур Каировнаға мазмұнды, тағылымы мол мастер-класс өткізіп, құнды тәжірибесімен бөліскені үшін шынайы алғыс білдіреміз. Осындай тағылымды кездесулер жас ғалымдардың кәсіби дамуына және ғылыми әлеуетінің артуына зор ықпал етеді деп сенеміз.