Фараби әлемі — ҚазҰУ

Фараби әлемі

9 сәуір 2026
Фараби әлемі

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының жеңімпаздарына дипломдар табысталды. Ғылыми іс-шараның жұмысына қатысқан шетелдік студенттер мақалалар жазу және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндамаларды көпшілік алдында ұсынуда баға жетпес тәжірибе алды.