📚 Құқық қорғау жүйесіндегі цифрландыру және жасанды интеллект: жас зерттеушілердің ғылыми көзқарасы — ҚазҰУ

📚 Құқық қорғау жүйесіндегі цифрландыру және жасанды интеллект: жас зерттеушілердің ғылыми көзқарасы

10 сәуір 2026
📚 Құқық қорғау жүйесіндегі цифрландыру және жасанды интеллект: жас зерттеушілердің ғылыми көзқарасы

   Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының Жас ғалымдар кеңесі 2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында аралас форматта өткен «Жаңа ғаламдық ақиқаттағы Қазақстанның құқық қорғау жүйесі: ахуал, реформа, даму» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты 🎓🌍
Конференция аясында кафедра өкілдері баяндама жасап, өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін және қылмыстық құқық пен құқық қорғау қызметі саласындағы заманауи сын-қатерлерге қатысты өзекті көзқарастарын ұсынды 📚⚖️
Бағдарламаға сәйкес, келесі баяндамалар жасалды:
✨ Жақыш Ақерке Жеңісқызы — «Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін цифрландыру: жаңа жаһандық шынайылық жағдайындағы сын-қатерлер мен перспективалар»;
✨ Әлімғазы Гүлмарал Серікқызы — «Жасанды интеллектің қылмыстық жауаптылығы».
   Конференцияға қатысу тәжірибе алмасуға, өзекті ғылыми мәселелерді талқылауға және отандық әрі шетелдік әріптестермен кәсіби байланыстарды нығайтуға маңызды мүмкіндік болды 🤝🌐
    Ұйымдастырушыларға конференцияны жоғары деңгейде өткізгені және халықаралық академиялық қауымдастық алдында ғылыми жұмыс нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз 🙏✨