🎉 ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉 — ҚазҰУ

🎉 ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉

12 сәуір 2026
🎉 ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бойынша студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық стартап жобалары байқауында 65 жоба қабылданып, жоғары бәсекелестік нәтижесінде
механика-математика факультеті, механика кафедрасының командасы 🥈 II орынға ие болды!

🔬 Ғылыми жетекшісі:
аға оқытушы, PhD Ахметова Балжан Ибрагимқызы

👥 Қатысушылар:
— Жолдасов Ернар – постдокторант
— Сайлауов Бауыржан – 3 курс студенті
— Срайлұлы Мейір – 3 курс студенті

📌 Жоба тақырыбы:
MedAssist v1.0 — медициналық көмекші гуманоидты робот

🌍 Жоба Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР) бағыттарына сәйкес:
— 3-мақсат: Салауатты өмір салты және әл-ауқат (медицинадағы инновациялар)
— 9-мақсат: Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым (робототехника және технологиялық шешімдер)

💡 Бұл жоба медицина мен робототехниканы ұштастыра отырып, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге және пациенттерге сапалы көмек көрсетуге бағытталған заманауи инновациялық шешім 🤖🏥

👏 Команда мүшелеріне жаңа жетістіктер мен жарқын болашақ тілейміз!
👏 Ғылыми жетекшіге кәсіби бағыт-бағдары мен қолдауы үшін алғыс білдіреміз!

✍️ Автор: аға оқытушы, PhD Ахметова Балжан Ибрагимқызы