«Фараби әлемі» конференциясы аясында секциялық отырыстардың өткізілуі туралы — ҚазҰУ

«Фараби әлемі» конференциясы аясында секциялық отырыстардың өткізілуі туралы

13 сәуір 2026
«Фараби әлемі» конференциясы аясында секциялық отырыстардың өткізілуі туралы

8 сәуірде жыл сайын өткізілетін Фараби әлемі ғылыми конференциясы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының секциялық отырыстары өткізілді.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша ұйымдастырылды:

1. «Азаматтық құқық және кәсіпкерлік құқық» секциясы
Төраға: з.ғ.к., доцент Нурахметова Г.Г.
Комиссия мүшелері: з.ғ.к., доцент Мукалдиева Г.Б., профессор ассистенті Ермұхаметова С.Р., аға оқытушы Худайбердина Г.А.
Жауапты хатшы: Тұрысбек Әсем.

Отырыс барысында студенттер мен магистранттардың азаматтық және кәсіпкерлік құқықтың өзекті мәселелеріне арналған баяндамалары тыңдалды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, құқық қолдану тәжірибесін талдау қабілетін және негізделген ұсыныстар беру дағдыларын көрсетті.

2. «Азаматтық іс жүргізу және татуластыру рәсімдері» секциясы
Төраға: з.ғ.к., профессор Атаханова С.К.
Комиссия мүшелері: з.ғ.к., доцент Абикенов А.А., PhD, доцент м.а. Асанова С.Э., PhD, аға оқытушы Мырзатаев Н.Д.
Жауапты хатшы: аға оқытушы Сапарбекова Ж.С.

Секция аясында азаматтық іс жүргізу құқығының дамуындағы заманауи үрдістер, медиация және дауларды шешудің баламалы тәсілдері қарастырылды. Баяндамалар белсенді пікірталастармен сүйемелденіп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ой бөлісті.

3. «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» секциясы
Төраға: з.ғ.к.,  профессор - ассистенті  Абайдельдинов Т.М.
Комиссия мүшелері: з.ғ.д., профессор Сулейменова С.Ж., з.ғ.к., аға оқытушы Алдашев С.М., PhD, доцент м.а. Рыскалиев Д.О., PhD, доцент м.а. Карашева Ж.Т.
Жауапты хатшы: аға оқытушы Советхан Ш.Д.

Отырыс барысында еңбек заңнамасының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар осы құқық саласының қазіргі даму перспективаларын қамтитын ғылыми баяндамаларын ұсынды.

Секциялық отырыстар жоғары ұйымдастырушылық және ғылыми деңгейде өтті. Конференция студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, олардың кәсіби білімдері мен дағдыларын кеңейтуге, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылар арасындағы академиялық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша үздік баяндамалар анықталып, олардың авторлары марапаттауға және зерттеу нәтижелерін жариялауға ұсынылды.