Виртуалды шындық көзілдіріктерін қолдану арқылы сабақ өткізілді — ҚазҰУ

Виртуалды шындық көзілдіріктерін қолдану арқылы сабақ өткізілді

8 сәуір 2026
Виртуалды шындық көзілдіріктерін қолдану арқылы сабақ өткізілді

2026 жылғы 8 сәуірде география және табиғатты пайдалану факультетінің  метеорология және гидрология кафедрасында орыс бөлімінің 2 курс студенттеріне арналған «Гидрофизика» пәні бойынша VR-бағдарламасын қолдана отырып дәріс және зертханалық сабақ өткізілді. Сабақ Қазақстандағы өзендер мен көлдердегі мұз құбылыстары, сондай-ақ мұздықтардың қалыптасу процестері мен олардың қазіргі жағдайы тақырыбына арналды.  


Студенттер виртуалды түрде мореналық көл мен Тұйықсу мұздығына барып, тікұшақпен ұшып, таулы аймақтағы жағдайды көрді. Олар келесі виртуалды тапсырмаларды орындады: мұздың қалыңдығын рейкамен өлшеп, қауіпті құбылыстарды анықтады.

Студенттер үлкен әсер алып, күрделі гляциологиялық процестерді виртуалды шындық көзілдіріктері арқылы көрді. Сабақты кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Ж.Т. Райымбекова мен оқытушыМ.Т. Садуақасова бірлесіп өткізді.  


Білім алушылар сабақ туралы өз ойларымен бөлісті:
«Маған VR-көзілдіріктерді пайдалану өте ұнады. Бұл жаңаәрі қызықты тәжірибе болды. Виртуалды гидрологиялық экспедиция барысында біз көлді және онда жүретін процестерді көрнекі түрде көре алдық» — Лекерова Айша.

«Бұл тәжірибе өте қызықты әрі пайдалы болды, өйткені кәсіби салаға кем дегенде виртуалды ортада еніп, бәрін өзкөзімізбен көруге мүмкіндік берді» — Сулей Айкен.

«Маған виртуалды көзілдіріктермен өткен сабақ өте ұнады. Әсіресе, әдеттегі оқыту форматында елестету қиын болатын процестерді түсіну әлдеқайда жеңіл болды» — Абдуллаева Амина.