«Фараби әлемі» аясында өтілген халықаралық іс-шаралар — ҚазҰУ

«Фараби әлемі» аясында өтілген халықаралық іс-шаралар

10 сәуір 2026
«Фараби әлемі» аясында өтілген халықаралық іс-шаралар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Фараби әлемі» ғылыми конференциясы аясында халықаралық деңгейдегі мастер-класс пен семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ресей Федерациясындағы Мемлекеттік басқару университетінің өкілдері қатысты.

Мастер-класс тақырыбы: «Әлем елдері мысалында өңірлік тұрақты дамуды жүйелік-энергетикалық модельдеу».  


Спикерлер:

Шамаева Е.Ф. – Мемлекеттік басқару университетінің табиғатты пайдалану басқармасы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, т.ғ.к., доцент.

   Головин А.А. – э.ғ.к., доцент, Марий мемлекеттік университетінің Тұрақты даму және халықтың өмір сапасын басқару зертханасының жетекшісі 

Сонымен қатар, «П. Кузнецов – Б.Е. Большаков ғылыми мектебінің қағидаттары негізінде халықтың өмір сапасын энерго-экологиялық өлшемде бағалау» тақырыбында практикалық есептеулермен семинар өткізілді.  


Іс-шара барысында қатысушылар тұрақты дамуды бағалау әдістерімен танысып, өңірлік жүйелерді модельдеумен халықтың өмір сапасын ғылыми тұрғыдан талдау бойынша тәжірибелік дағдылар алды.

Аталған іс-шаралар білім алушылар мен жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.