«Экология» ББ студенттері Зоология институты базасында өндірістік тәжірибеден өтті — ҚазҰУ

«Экология» ББ студенттері Зоология институты базасында өндірістік тәжірибеден өтті

13 сәуір 2026
«Экология» ББ студенттері Зоология институты базасында өндірістік тәжірибеден өтті

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының «Экология» БББ студенттері Қазақстан Республикасы Зоология институты базасында өндірістік тәжірибеден сәтті өтті.

Өндірістік тәжірибе барысында студенттер оқу процесінде алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, ғылыми-зерттеу қызметінің нақты жағдайларында қолдану мүмкіндігіне ие болды. Тәжірибенің негізгі мақсаты – институттың ғылыми қызметімен танысу, зоологтар мен энтомологтардың жұмыс әдістерін меңгеру, ғылыми талдау және зерттеу дағдыларын дамыту болды.

Алғашқы кезеңде студенттер институттың құрылымы, негізгі ғылыми бағыттары және биоалуантүрлілікті зерттеу мәселелерімен танысты. Сонымен қатар жануарлар популяциясының динамикасы, экожүйелерге антропогендік факторлардың әсері және климаттың өзгеруі мәселелері қарастырылды.  


Практикалық жұмыстар аясында студенттер энтомологиялық материалдарды дайындау және сақтаубойынша тапсырмалар орындады. Атап айтқанда, жәндіктерді сақтау үшін мақта төсеніштерін дайындау, ғылыми коллекцияларға арналған контейнерлер әзірлеу, үлгілерді жүйелеу әдістерін меңгерді. Бұл дағдылар ғылыми зерттеулер үшін аса маңызды.  

Тәжірибе барысында студенттердің ғылыми-зерттеу және коммуникациялық дағдылары да дамыды. Олар жәндіктердің әртүрлі топтары бойынша ғылыми презентациялар дайындап, қорғады. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында тіршілік ететін жануарлар туралы бейнероликтер әзірледі. Соның ішінде ақбөкен (киік) туралы жоба ұсынылып, оның биологиялық ерекшеліктерімен қорғау мәселелері қарастырылды.

Тәжірибе аясында студенттер У.У. Успанов атындағы Топырақтану және агрохимия институтына барып, топырақты зерттеу әдістерімен танысты.

Өндірістік тәжірибе нәтижесінде студенттердің кәсіби құзыреттері қалыптасты: ғылыми ақпаратты талдау, зерттеужүргізу, көпшілік алдында сөйлеу, топпен жұмыс істеужәне уақытты тиімді басқару дағдылары дамыды.  


Жалпы, тәжірибе биоалуантүрлілікті сақтау, экологиялық мониторинг жүргізу және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру бағытындағы ғылыми жұмыстардың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.

Студенттердің тәжірибе барысында алған білімдері мен қалыптасқан кәсіби дағдылары биоалуантүрлілікті сақтау, экологиялық мониторинг және ғылыми зерттеулер бағыттары бойынша География және табиғатты пайдалану факультеті жанындағы Экожүйелер мен биоалуантүрлілікті қорғау бойынша Орталық Азия-Герман институты қызметінің негізгі басымдықтарына сәйкес келеді жәнеоның ғылыми-тәжірибелік жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.