- Басты бет
- Жаңалықтар
- Түркітану мен лингвистиканың өзекті мәселелері: «Фараби әлемі» конференциясының №3 секциясының қорытындылары
Түркітану мен лингвистиканың өзекті мәселелері: «Фараби әлемі» конференциясының №3 секциясының қорытындылары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде өткен «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында №3 «Түркітану және лингвистика» секциясы өз жұмысын табысты өткізді.Секция жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Алматы технологиялық университетінің жас зерттеушілері қатысты. Барлығы 8 үміткер қатысуға өтінім беріп, олардың баяндамалары белгіленген регламентке сай тыңдалды.

Секция модераторы PhD, доцент м.а. Р.Ж. Қондыбаеваның және төрағалар PhD Ш.Д. Буркитбаева мен Н.А. Исмайлованың жетекшілігімен өткен отырыста түркі жазба ескерткіштерін зерттеудегі инновациялық әдістер, интернет-лингвистика, әлеуметтік желілердегі лексика және ономастика мәселелері талқыланды.
Секция қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:
I дәрежелі диплом – Әбдібек Гүлім Жанатқызы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті).
II дәрежелі дипломдар:
- Матиева Гырмызы Матиевна (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті);
- Романенко Ринат Алексеевич (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты).
III дәрежелі дипломдар:
- Жамалова Таңшолпан (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты);
- Оразақын Аңсар (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты);
- Баданова Салтанат Жумабаевна (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті).
Секция жұмысы жас ғалымдардың жоғары ғылыми әлеуетін және түркітану бағытындағы зерттеулердің заманауи дамуын айқын көрсетті.
Қондыбаева Р.Ж., Буркитбаева Ш.Д., Исмайлова Н.А.
Түркітану және тіл теориясы кафедрасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Басқа жаңалықтар