Магистранттардың ғылыми-зерттеу тағылымдамасы сәтті аяқталды
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының магистранттары ғылыми-зерттеу тағылымдамадан өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «7M05409 – Қолданбалы және есептеу математикасы» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары 30 наурыз – 13 сәуір аралығында Математика және математикалық модельдеу институтының Математикалық физика және модельдеу бөлімінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.
Стажировка барысында магистранттар математикалық модельдеудің заманауи әдістерімен танысып, сандық әдістер бойынша ғылыми жұмыстарға қатысты, жетекші ғалымдардың семинарларына қатысып, математикалық модельдерді талдау және верификациялау тәсілдерін меңгерді.
Ғылыми-зерттеу стажировкасы магистранттардың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беріп, диссертациялық жұмыстарын тереңдетуге және ғылыми ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.
Математика және математикалық модельдеу институтымен ынтымақтастық білім беру мен ғылымның интеграциясын нығайтып, болашақ ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауда маңызды рөл атқарады.
МКМ кафедрасы магистранттардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған мұндай стажировкаларды алдағы уақытта да жалғастырады.

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі Маусумбекова С.Д.
Басқа жаңалықтар