- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттарын (3 - Жақсы денсаулық және әл-ауқат және 5- Гендерлік теңдік) іске асыру аясында философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс мамандықтарының білім алушыларымен «Ана үйінде» іс-шара өткізілді
Тұрақты даму мақсаттарын (3 - Жақсы денсаулық және әл-ауқат және 5- Гендерлік теңдік) іске асыру аясында философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс мамандықтарының білім алушыларымен «Ана үйінде» іс-шара өткізілді
Тұрақты даму мақсаттарын (3 - Жақсы денсаулық және әл-ауқат және 5- Гендерлік теңдік) іске асыру аясында философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс мамандықтарының білім алушыларымен «Ана үйінде» іс-шара өткізілді.
Іс-шараны әлеуметтану ғылымдарының докторы, доцент Н.У. Шеденова ұйымдастырды.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған балалы әйелдерге қолдау көрсететін ресурстық орталық болып табылатын «Ана үйіне» бару барысында студенттер ұйымның қызметімен және жұмысының негізгі бағыттарын біліп қана қоймай, орталықтағы аналардың өмірлік кейстерімен танысты. Бұл көрсетілетін әлеуметтік көмектің ерекшелігін және әйелдердің басынан өткеретін қиындықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Болашақ мамандар орталықта тұрып жатқан аналармен тілдесіп, олардың оқиғаларын тыңдады. Нақты жағдайларды талдау барысында мамандардың іс жүзінде қандай көмек механизмдерін қолданатыны айқын көрінді. Мұндай тәжірибе студенттердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына және дағдарыс жағдайларындағы жұмыстың маңыздылығын түсінуге ықпал етті.
Кездесу аясында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, пікір алмасты және ана мен баланы әлеуметтік қорғаудың өзекті технологияларын талдады.
Аталмыш көшпелі шара студенттердің кәсіби білімдері тереңдеп, болашақ мамандықтарына эмпатиялық көзқарастары қалыптастырады. Студенттер халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың маңыздылығын және күнделікті әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде гендерлік теңдік принциптерін іске асырудың мәнін атап өтті.
Басқа жаңалықтар