- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында қолданбалы сапалық деректерді талдау бойынша ашық дәріс өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында қолданбалы сапалық деректерді талдау бойынша ашық дәріс өтті
2026 жылғы 25 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде «Қолданбалы сапалық деректерді талдау: бағдарламалық құралдарды қолдану тәжірибесі» тақырыбында ашық дәріс өтті.
Спикер ретінде SOLID халықаралық зерттеу жобасының қатысушысы Аубакирова Аягоз сөз сөйледі. Дәріске зерттеу дағдыларын дамытуға қызығушылық танытқан студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.
Дәріс барысында сапалық деректерді талдаудың заманауи тәсілдері, оның ішінде әдіснамалық негіздері, кодтау және интерпретациялаудың практикалық аспектілері қарастырылды. Сонымен қатар, сұхбаттар, фокус-топтар және мәтіндік деректерді өңдеуде кеңінен қолданылатын MAXQDA бағдарламасына ерекше назар аударылды.
Спикер әлеуметтік жұмыс саласындағы өзінің зерттеу тәжірибесімен бөлісіп, Орталық Азия елдерінде жүргізілген салыстырмалы зерттеулер мен эмпирикалық деректермен жұмыс мысалдарын ұсынды. Деректерді құрылымдау, кодтық жүйелерді әзірлеу және талдау нәтижелерін визуализациялау тәсілдері көрсетілді.
Дәріс тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, талдау құралдарын таңдау және деректерді интерпретациялау сапасын қамтамасыз етуге қатысты практикалық мәселелер талқыланды.
Іс-шараны әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кенжакимова Гульнара Аляевна және «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Абдыкалыкова Жанар Нурахметовна ұйымдастырды.
Басқа жаңалықтар