- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 6 – «Таза су және санитария» бағыты аясында «Таза Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді
ТДМ 6 – «Таза су және санитария» бағыты аясында «Таза Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді
2026 жылдың 15 сәуірі күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Химия және химиялық технология факультетінің «6В05301 – Химия» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен Тұрақты дамудың «Таза су және санитария» атты 6-шы бағыты аясында «Таза Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында студенттер жаһандық су тапшылығы мәселесін талқылады, атап айтсақ БҰҰ деректері бойынша, қазіргі таңда 2 миллиардтан астам адам қауіпсіз ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Климаттың өзгеруі құрғақшылықты жиілетіп, тұщы су қорын азайтуда, сондай-ақ елімізде Арал теңізі мен Балқаш көлінің таяздану қаупі аймақтық экологиялық дағдарыстың айқын белгілері екенін және су ресурстарының шектеулі екенін айқындайды. Студент - жастар өз тарапынан суды ластаудан қорғау шараларын талдау барысында тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың мәселесін де тілге тиек етті. Ал, топтың куратор – эдвайзері, Химиялық физика және материалтану кафедрасының доценті Кудьярова Ж.Б. суды тазартудың механикалық, биологиялық және химиялық әдістеріне тоқталып, студенттерді ауыз суды үнемді пайдалануға шақырды. «Су – тіршіліктің көзі, адамзат пен табиғат үшін ең маңызды ресурстардың бірі» десек те, қазіргі таңда су көздері ластанып, таза су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр. Сондықтан қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды, яғни әрбір адам табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, су ресурстарын қорғауға өз үлесін қосуы керек.
Басқа жаңалықтар