«Фараби әлемі» халықаралық конференциясында кафедра білім алушылары үздік нәтиже көрсетті — ҚазҰУ

«Фараби әлемі» халықаралық конференциясында кафедра білім алушылары үздік нәтиже көрсетті

11 сәуір 2026
«Фараби әлемі» халықаралық конференциясында кафедра білім алушылары үздік нәтиже көрсетті

Студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық «Фараби әлемі» конференциясында физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының білім алушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде таныстырып, жүлделі орындарға ие болды. Жас зерттеушілер өзекті ғылыми бағыттар бойынша тың нәтижелерін ұсынып, кәсіби біліктілігі мен ғылыми әлеуетін дәлелдеді.

Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар тізімі төмендегідей:

I орын

  • Awais Rafique – 2 курс магистранты
    Ғылыми жетекшісі: доцент Бекисанова Ж.Б.

II орын

  • Әлібеков Бүркіт – 2 курс магистранты
    Ғылыми жетекшісі: профессор Аубакиров Е.А.
  • Нурмухамбетова Асел – 3 курс студенті
    Ғылыми жетекшісі: профессор Оспанова А.К.
  • Сухан Қарақат – 4 курс студенті
    Ғылыми жетекшісі: доцент Тоштай Қ.
  • Абухан Қайсар – 1 курс магистранты
    Ғылыми жетекшісі: доцент Жақсылықова Г.Ж.

III орын

  • Махпирова Рамина – 1 курс магистранты
    Ғылыми жетекшісі: профессор Оспанова А.К.
  • Қадыр Амина – 4 курс студенті
    Ғылыми жетекшісі: доцент Жақсылықова Г.Ж.

Грамотамен марапатталғандар

  • Ammar Mugharbel – 4 курс студенті
    Ғылыми жетекшісі: профессор Аубакиров Е.А.
  • Насипов Алишер – 4 курс студенті
    Ғылыми жетекшісі: доцент Смағұлова Н.Т.
  • Садықова Бибиханым – 4 курс студенті
    Ғылыми жетекшісі: доцент Смағұлова Н.Т.
  • Жазылбаева Аяулым – 4 курс студенті
    Ғылыми жетекшісі: доцент Жақсылықова Г.Ж.

Аталған жетістіктер кафедрадағы ғылыми мектептің сабақтастығын, білім алушылардың зерттеушілік әлеуетінің жоғары екенін және ғылыми жетекшілердің кәсіби қолдауының нәтижелілігін айқын көрсетеді.

Кафедра ұжымы жеңімпаздар мен олардың ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта жаңа ғылыми табыстар, тың жобалар және халықаралық деңгейдегі жаңа жеңістер тілейді.

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доцент м.а. Канапиева Ф.М.