- Басты бет
- Жаңалықтар
- Өзіңді тану – табысқа жетудің кілті: Студенттер темперамент пен мінез құпияларын талқылады
Өзіңді тану – табысқа жетудің кілті: Студенттер темперамент пен мінез құпияларын талқылады
2026 жылдың 19 наурызында Физика-техникалық факультеті плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының 2 курс студенттеріне арналған «Темперамент пен мінез: айырмашылығы қандай және өзімізді қалай түсінеміз?» атты психологиялық танымдық тәрбие сағаты өтті.
Заманауи мамандар үшін тек кәсіби білім ғана емес, сонымен қатар «soft skills» немесе тұлғалық қасиеттерді басқару дағдысы өте маңызды. Осы мақсатта ұйымдастырылған іс-шара студенттердің өзін-өзі тануын дамытуға және ұжымдағы коммуникацияны жақсартуға бағытталды.
Іс-шара дәстүрлі баяндама түрінде емес, ашық диалог және интерактивті ойын форматында өтті. «Бүгін сен қандай жануарсың?» атты қыздыру жаттығуынан басталған кездесу студенттердің еркін пікір алмасуына мүмкіндік берді.
Негізгі бөлімде темпераменттің туа біткен қасиет екені, ал мінездің өмір барысында қалыптасатындығы туралы ғылыми түсініктер берілді. Студенттер Гиппократ классификациясы бойынша сангвиник, холерик, флегматик және меланхолик типтерінің ерекшеліктерін талдап, олардың әрқайсысының күшті және әлсіз тұстарын саралады.
әрбие сағатының ең қызықты сәттерінің бірі – цифрлық құралдарды қолдану болды. Студенттер арнайы QR-код арқылы онлайн тест тапсырып, өздерінің психологиялық типін лезде анықтады. Ал «Типті тап» ойыны барысында болашақ физиктер өздеріне берілген темперамент түрлерін сахналық көріністер арқылы шебер бейнелеп шықты.
Түйін: «Жаман темперамент болмайды»
Талқылау кезеңінде студенттер «Мінезді өзгертуге бола ма?» және «Темперамент мансапқа қалай әсер етеді?» деген сұрақтар төңірегінде пікірталас жүргізді. Кеш соңында қатысушылар кез келген темперамент түрінің өзіндік құндылығы бар екенін және ең бастысы – сол ерекшелікті дұрыс бағытта пайдалана білу екендігін түсінді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша:
• Студенттердің өзін-өзі тану деңгейі артты;
• Топ ішіндегі өзара түсіністік пен сыйластық нығайды;
• Студенттер психологиялық талдау жасаудың алғашқы дағдыларын меңгерді.
Педагогикалық тәжірибе уақытында өтіп жатқан бұл іс-шара магистранттар үшін де үлкен тәжірибе, шыңдалу сабағы. Ұйымдастырушылар - 1 курс магистранттары Кажаева А., Құмар А.
Басқа жаңалықтар