ҚазҰУ-да «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы өтті
13 сәуір 2026
2026 жылғы 7–9 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Конференция аясында Математика кафедрасында «Дифференциалдық теңдеулер және олардың қолданылуы» және «Функциялар теориясы, алгебра және логика» секциялары жұмыс істеді.
Аталған секцияларға жалпы саны қырықтан астам студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысып, өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. Конференция ғылыми пікір алмасуға мүмкіндік беріп, жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал етті.



Математика кафедрасы
Басқа жаңалықтар
10 тамыз 2026