Қосдипломдық бағдарлама аясында шетелдік профессор семестрлік курс жүргізді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультеті, Математика кафедрасында 7M05407 – Математика (УРША) қосдипломдық білім беру бағдарламасы аясында шетелдік профессор Майкл Певзнер (Michael Pevzner) магистранттарға семестр бойы дәріс оқыды.
Профессор жүргізген курс Ли алгебралары теориясына арналды. Сабақтар барысында магистранттар аталған бағыттың негізгі ұғымдарын терең меңгеріп, заманауи зерттеу бағыттарымен танысты.
Бағдарлама ҚазҰУ мен Франциядағы Реймс Шампань-Арденн университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылып келеді. Оқу процесі барысында магистранттар шетелдік профессордан тікелей білім алып, халықаралық академиялық тәжірибе жинақтады.
Мұндай семестрлік курстар білім алушылардың кәсіби деңгейін арттыруға және ғылыми әлеуетін дамытуға зор үлес қосады.
Математика кафедрасы
Басқа жаңалықтар