Абай Құнанбайұлы қара сөздерін қытай тіліне аудару аспектілері бойынша ғылыми семинар өтті — ҚазҰУ

Абай Құнанбайұлы қара сөздерін қытай тіліне аудару аспектілері бойынша ғылыми семинар өтті

15 сәуір 2026
Абай Құнанбайұлы қара сөздерін қытай тіліне аудару аспектілері бойынша ғылыми семинар өтті

2026 жылғы 15 сәуірде Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасында «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Ершат Ардақ ғылыми семинар өткізді. Семинар жұмысына кафедра оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Ғылыми семинар барысында «Абай қара сөздерінің мәдени реалийлері: қытай тіліне аудару аспектілері» тақырыбында баяндама жасалып, қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін бейнелейтін тілдік бірліктердің табиғаты мен мазмұны жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, аталған реалийлерді қытай тіліне аудару барысында туындайтын семантикалық және лингвомәдени қиындықтар талқыланып, оларды жеткізудің тиімді тәсілдері ұсынылды.

Баяндамада аударматанудағы эквиваленттілік мәселесі, лингвомәдениеттану және функционалдық бағыттағы теориялық тұғырнамаларға ерекше назар аударылып, нақты мысалдар негізінде ғылыми талдау жүргізілді.

Ғылыми семинар мазмұнды әрі жоғары ғылыми деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң бағаланды.