әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттік заң клиникасы халықаралық арбитражға арналған іс-шара аясында кеңес берді — ҚазҰУ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттік заң клиникасы халықаралық арбитражға арналған іс-шара аясында кеңес берді

16 сәуір 2026
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттік заң клиникасы халықаралық арбитражға арналған іс-шара аясында кеңес берді

   2026 жылғы 16 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде халықаралық арбитраж және трансшекаралық инвестициялар мәселелеріне арналған, студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті.

     Іс-шараға факультет басшылығы мен ҚазҰУ-дың студенттік заң клиникасының өкілдері, атап айтқанда, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Гүлдана Амангелдіқызы Қуаналиева, студенттік заң клиникасының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Дәулет Лайқұлы Байдельдинов, сондай-ақ кафедра оқытушылары:  А. Исаев, К. Қожабек, С. Жапақов, А. Есекеева, Г. Рашева, Б. Қалымбек және А. Құдайбергенов қатысты. Олар халықаралық арбитраждың өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасап, кеңес беріп, құқықтық көмек көрсету мен теориялық білімді тәжірибеде қолдану дағдыларын көрсетті.

   Сондай-ақ, талқылауға Фучжоу қаласы (ҚХР) арбитрлер алқасының өкілдері қатысып, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық арбитраж және инвестициялық ынтымақтастық бойынша ақпарат ұсынды.

     Мұндай іс-шаралар теория мен тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік беріп, болашақ заңгерлерді кәсіби даярлауда Студенттік заң клиникасының маңызды рөлін айқындайды.