«Заңсыз әрекет – салдары ауыр» — ҚазҰУ

«Заңсыз әрекет – салдары ауыр»

25 сәуір 2026
«Заңсыз әрекет – салдары ауыр»

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы тыңдаушылары үшін «Заңсыз әрекет – салдары ауыр» атты танымдық-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тыңдаушылар заңсыз әрекеттердің қоғам мен жеке тұлға өміріне тигізетін кері әсері туралы кеңінен мағлұмат алып, нақты мысалдар негізінде олардың салдарының қаншалықты ауыр болатынын түсінді. Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған мазмұнды ақпараттар ұсынылып, заң алдындағы жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Шараның мақсаты: тыңдаушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң бұзушылықтың алдын алу, саналы түрде дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға үлкен ой салды және тәрбиелік мәні зор әсер қалдырды.