ҚазҰУ-да « Жастардың кәсіби құзыреттілігі және өмір бойы білім алу мәдениеті » тақырыбында ЦУР-4 аясында іс-шара өтті — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да « Жастардың кәсіби құзыреттілігі және өмір бойы білім алу мәдениеті » тақырыбында ЦУР-4 аясында іс-шара өтті

15 сәуір 2026
ҚазҰУ-да « Жастардың кәсіби құзыреттілігі және өмір бойы білім алу мәдениеті » тақырыбында ЦУР-4 аясында іс-шара өтті

 

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ-4) қағидаттарына сәйкес, 2026 жылғы 15 сәуірдеәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің7M01504 – «Биология» білім берубағдарламасының 1-курс магистранттары, биофизика, биомедицина және нейроғылымкафедрасының профессор міндетін атқарушы, PhD Ж.К. Кенжееваның жетекшілігімен «Жастардыңкәсіби құзыреттілігі және өмір бойы білім алумәдениеті» тақырыбында 1-курс магистранттарынаарналған семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренинг аясында келесі іс-шараларжүзеге асырылды:
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мәнін және оныңқазіргі қоғамдағы маңызын ашуға бағытталғанкіріспе пікірталас ұйымдастырылды. Соныменқатар, «Өз құзыреттіліктерін бағалау» аттыинтерактивті жаттығу барысында қатысушылар өзбілімдері, дағдылары мен тұлғалық қасиеттерінжан-жақты талдады.

«Идеалды маман» тақырыбында топтық жұмысжүргізіліп, заманауи кәсіби маманға қойылатыннегізгі талаптарды бейнелейтін постерлерәзірленіп, қорғалды. Бұдан бөлек, өмір бойы білімалу (lifelong learning) тұжырымдамасыталқыланып, онлайн-білім алу мен өзін-өзі дамытумүмкіндіктері қарастырылды.

Практикалық бөлімде қатысушылар өздерініңжеке кәсіби даму жоспарларын әзірледі. Семинарсоңында ұйымдастырылған рефлексия барысындабілім алушылар алған білімдерін саралап, алдағыдаму бағыттарын айқындады.

Аталған семинар-тренингке әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университетініңбиофизика, биомедицина және нейроғылымкафедрасының 7M01504 – «Биология» білім берубағдарламасының 1-курс магистранттары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар:

• әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының 7M01504 – «Биология» білім берубағдарламасының 1-курс студенттері.

Оқытушылар:

• кафедраның доцент міндетін атқарушысы, PhD Ж.К. Кенжеева
• б.ғ.к. А.Н. Торманова
• А.Н. Қожахметова
• б.ғ.к. Ж.М. Басыгараев
• PhD Б. Үсіпбек
 

Семинар-тренинг нәтижесінде маңыздыбілімдік және тәжірибелік нәтижелерге қолжеткізілді. Қатысушылар кәсіби құзыреттілікұғымының мәнін терең түсініп, оның қазіргі еңбекнарығындағы рөлін айқындады. Сонымен қатар, өмір бойы білім алу мен үздіксіз өзін-өзі дамытуқажеттілігін саналы түрде ұғынды.

Іс-шара барысында өзін-өзі рефлексиялаудағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушылар өз білім деңгейін, білік-дағдыларынжәне тұлғалық қасиеттерін объективті бағалап, өздерінің күшті және әлсіз тұстарын анықтады. Бұлолардың кәсіби даму траекториясын саналы түрдежоспарлауына негіз қалады.

Топтық жұмыстар нәтижесінде білімалушыларда заманауи маманға қойылатын талаптартуралы тұтас түсінік қалыптасты. Әсіресе, коммуникация, сыни ойлау, креативтілік жәнекомандада жұмыс істеу сияқты «икемдідағдылардың» (soft skills) маңыздылығыайқындалды.

Практикалық бөлім әрбір қатысушыға жекекәсіби даму жоспарын әзірлеуге мүмкіндік беріп, олардың болашақ мансаптық мақсаттарына жетуінебағыт-бағдар берді. Сонымен қатар, білімалушылардың оқу мотивациясы артып, қосымшабілім алуға, онлайн-курстарға қатысуға және өзбетінше білімін жетілдіруге деген қызығушылығыкүшейді.

Жалпы алғанда, аталған семинар-тренингжастар арасында үздіксіз білім алу мәдениетінқалыптастыруға, олардың өз мүмкіндіктеріне дегенсенімін арттыруға және кәсіби тұрғыда өзін-өзіжүзеге асыруға дайындық деңгейін көтеруге оңықпал етті.