Стоматология студенттері «Book Challenge» челленджіне қатысты — ҚазҰУ

Стоматология студенттері «Book Challenge» челленджіне қатысты

29 сәуір 2026
Стоматология студенттері «Book Challenge» челленджіне қатысты

23 сәуір 2026 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінде стоматология мамандығының 24-05 тобының 2-курс студенттері арасында «Book Challenge» челленджі өткізілді. Іс-шараны, Торегелдиева Айдана Ерназаровна ұйымдастырды.

Іс-шара барысында студенттер өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, оқыған шығармалары бойынша пікір алмасты, кітап оқудың маңыздылығы мен оның тұлғалық дамуға әсері туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, білім алушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды. Челлендж студенттердің оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни ойлау дағдыларын дамытуға және бос уақытты тиімді пайдалануға бағытталды.

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты — сапалы білім беру бағытына сәйкес келеді, себебі жастар арасында оқу сауаттылығын арттыруға және білімге деген қызығушылықты дамытуға ықпал етеді.