«Глобалдық білім беру және жалпыадамзаттық құндылықтар: мәселелер мен шешімдер» ғылыми конференция — ҚазҰУ

«Глобалдық білім беру және жалпыадамзаттық құндылықтар: мәселелер мен шешімдер» ғылыми конференция

29 сәуір 2026
«Глобалдық білім беру және жалпыадамзаттық құндылықтар: мәселелер мен шешімдер» ғылыми конференция

29 сәуір 2026 жылы Өзбекстан Ұлттық университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Педагогикалық білім беру» кафедрасы бастамасымен «Глобалдық білім беру және жалпыадамзаттық құндылықтар: мәселелер мен шешімдер» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейрбаев онлайн қатысып, баяндама жасады. Қазіргі жаһандық білім беру кеңістігіндегі өзекті мәселелер және білім беру жүйесін жетілдіруде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына мән берді. Сонымен қатар, жалпыадамзаттық құндылықтарды білім беру мазмұнына енгізу – болашақ мамандарды даярлаудың маңызды бағыты екенін ерекше жеткізді. Конференцияға Әзербайжан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан және  Өзбекстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарынан 100-ден астам ғалымдар, профессор-оқытушылар, жас зерттеушілер қатысты. Іс-шара барысында жаһандану жағдайындағы білім берудің тұжырымдамалық негіздері, жастарды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, сондай-ақ халықаралық тәжірибе алмасу мәселелері кеңінен талқыланды. Аталған іс-шара жоғары білім беру жүйесін дамыту, ғылым мен инновацияны ілгерілету және оны халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.