Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де доцент Кожамкулова Ж.Т.-ның 60 жылдық мерейтойы аталып өтіп, «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды — ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де доцент Кожамкулова Ж.Т.-ның 60 жылдық мерейтойы аталып өтіп, «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды

5 мамыр 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де доцент Кожамкулова Ж.Т.-ның 60 жылдық мерейтойы аталып өтіп, «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасында экономика ғылымдарыныңкандидаты, доцент Кожамкулова Ж.Т.-ның 60 жылдықмерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұлмерейтой университеттің ғылыми-педагогикалыққауымдастығы үшін маңызды оқиғаға айналып, әріптестерді, студенттерді және түлектерді бір арнағатоғыстырды.

Айтулы датаға орай, сондай-ақ көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және отандық ғылым мен білімніңдамуына қосқан зор үлесі үшін Кожамкулова Ж.Т. «Еренеңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл марапат оныңжоғары білікті мамандарды даярлауға және елдің ғылымиәлеуетін дамытуға бағытталған көпжылдық жемістіеңбегінің лайықты бағасы болып табылады.

Кожамкулова Ж.Т.-ның еңбек жолы Әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ-мен тығыз байланысты. 1996–2011 жылдары «Маркетинг және коммерция» кафедрасындақызмет атқарса, 2011–2019 жылдары «Менеджмент жәнемаркетинг» кафедрасында доцент лауазымын иеленді. 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Бизнес-технологиялар» кафедрасының доценті болып қызмет етеді. Жалпы ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 36 жылды құрайды, оның 30 жылы университетке арналған.

Кожамкулова Ж.Т. жоғары білім берудің барлықдеңгейлерінде — бакалавриатта, магистратурада жәнедокторантурада белсенді оқытушылық қызмет атқарады. Ол«Стратегиялық маркетинг», «Маркетингтегі стратегиялықталдау», «Маркетингтегі басқарушылық шешімдердіәзірлеу», «Жарнамалық қызметті ұйымдастыру», «Маркетинг ғылымының әдіснамасы» және басқа да пәндерден дәріс оқиды. Оның сабақтары жоғары ғылымидеңгейімен, өзектілігімен және практикалықбағыттылығымен ерекшеленіп, студенттердің кәсіби жәнеаналитикалық құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Педагогикалық қызметімен қатар Кожамкулова Ж.Т. ғылыми жұмыстармен де белсенді айналысады. Оныңғылыми-әдістемелік жарияланымдарының жалпы көлемі100 баспа табақтан асады. Ол Қытай, Оңтүстік Корея, Австралия, Франция және Португалияның жетекшіуниверситеттерінде ғылыми тағылымдамалардан өткен, бұлоның жоғары кәсіби деңгейін және халықаралық деңгейдемойындалғанын көрсетеді.

Еңбек жолында ол бірнеше мәрте беделді марапаттарғаие болған. 1998 жылы Қазақстанның талантты жасғалымдарына арналған мемлекеттік ғылыми стипендияныңлауреаты атанса, 2009 жылы «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің үздік оқытушысы» атағына ие болды. Сондай-ақ олфакультет Ғылыми кеңесінің хатшысы, диссертациялықкеңестің ғалым хатшысы, Экономика және бизнес жоғарымектебінің әдістемелік кеңесінің төрайымы, Педагогикалықшеберлік орталығының тренері қызметтерін атқарған.

Қазіргі уақытта Кожамкулова Ж.Т. «ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы» журналының ғылыми редактор орынбасары қызметін атқарып, университеттің ғылымиортасын дамытуға белсенді үлес қосуда.

Экономика және бизнес жоғары мектебінің ұжымыКожамкулова Ж.Т.-ны мерейтойымен және марапатыменшын жүректен құттықтап, зор денсаулық, амандық, жаңағылыми жетістіктер мен кәсіби қызметінде толағайтабыстар тілейді.