- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ студенттері XVIII республикалық «Логистика негіздері» олимпиадасында II және III орын иеленді
ҚазҰУ студенттері XVIII республикалық «Логистика негіздері» олимпиадасында II және III орын иеленді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңстуденттері тағы да жоғары дайындық деңгейі мен кәсібибілімдерін дәлелдеп, Қазақстан Республикасы Ғылым жәнежоғары білім министрлігінің қолдауымен AlmaU (AlmatyManagement University) университеті ұйымдастырған«Логистика» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII республикалық студенттік пәндік «Логистика негіздері» олимпиадасында университет намысын абыройменқорғады.
Республикалық олимпиада 2026 жылғы 06 мамырдаAlmaU базасында офлайн форматта өтіп, Қазақстанныңжетекші жоғары оқу орындарынан келген 17 команданыбіріктірді. Қатысушылар команданың бейнепрезентациясы, жеке тестілеу және практикалық логистикалық кейстердішешу кезеңдерінен өтті.
Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасынан 6В11301 – «Логистика (салабойынша)» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріқатысты. Интеллектуалдық жарыс қорытындысы бойыншаҚазҰУ командалары бірден екі жүлделі орын — II және III орындарды иеленіп, кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін, аналитикалық ойлау қабілетін және командалық жұмысдағдыларын көрсетті.
II орынды «Бизнес-технологиялар» кафедрасыныңоқытушысы Мұса Қарлығаш Асылқызы жетекшілік еткенкоманда иеленді. Команда құрамында:
– Арынбай Сая Мұхтарқызы
– Теміртаев Ескендір Нағашыбайұлы
– Серікқызы Аяулым
III орынды аға оқытушы Шарапиева Мадина Дузбайевнажетекшілік еткен команда иеленді. Команда құрамында:
Олимпиада барысында қатысушылар кейстіктапсырмаларды орындап, логистика және жеткізу тізбегінбасқару саласындағы нақты жағдайларды талдап, стратегиялық ойлау және шешім қабылдау дағдыларынкөрсетті. ҚазҰУ студенттері логистика саласы бойыншажоғары білім деңгейін, тапсырмаларды орындаудағыкреативті тәсілді және командада тиімді жұмыс істей білуқабілетін танытты.
Екі команданың бірдей жүлделі орындарға ие болуы — студенттердің сапалы дайындығының, оқытушылардыңкәсіби жетекшілігінің және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 6В11301 – «Логистика (сала бойынша)» білім беру бағдарламасының жоғары деңгейінің нәтижесі.
Республикалық пәндік олимпиадаға қатысустуденттердің кәсіби және тұлғалық дамуы үшін үлкенмаңызға ие. Олимпиада болашақ мамандарға теориялықбілімдерін тексеріп қана қоймай, оны нақты логистикалықмәселелерді шешуде тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндікбереді. Мұндай интеллектуалдық жарыстар аналитикалықойлауды, көшбасшылық қасиеттерді, командалық жұмысдағдыларын және шектеулі уақыт жағдайында шешімқабылдау қабілетін дамытуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, олимпиадаға қатысу студенттергеҚазақстанның жетекші жоғары оқу орындарыныңстуденттерімен тәжірибе алмасуға, кәсіби көкжиегінкеңейтуге және логистика мен жеткізу тізбектерін басқарусаласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықтыарттыруға мүмкіндік береді. Көптеген студенттер үшінмұндай іс-шаралар кәсіби қалыптасудың маңызды кезеңі әрітаңдаған мамандығы бойынша әрі қарай дамуғаынталандырушы фактор болып табылады.
Экономика және бизнес жоғары мектебінің және«Бизнес-технологиялар» кафедрасының басшылығыстуденттер мен ғылыми жетекшілерді лайықтынәтижелерімен құттықтап, алдағы уақытта да табыс, жаңажетістіктер мен жарқын жеңістер тілейді.
Студенттердің республикалық деңгейдегі жетістіктері — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі білімсапасының, тәжірибеге бағытталған оқытудың жәнебелсенді ғылыми-білім беру қызметінің жарқын дәлелі.
Басқа жаңалықтар