- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде экономика ғылымдарының докторы, доцент Бейсенова Мадина Унайбековнаның 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде экономика ғылымдарының докторы, доцент Бейсенова Мадина Унайбековнаның 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасында экономика ғылымдарының докторы, доцент Бейсенова Мадина Унайбековнаның 70 жылдық мерейтойынаарналған салтанатты іс-шара өтті. Белгілі ғалым әрі педагогтіңмерейтойы университет қауымдастығы үшін маңызды оқиғағаайналып, әріптестерді, шәкірттерді, ғылыми орта өкілдерін, университет серіктестері мен әр жылдардағы түлектерді бір арнағатоғыстырды.
Айтулы күнге орай, сондай-ақ көпжылдық адал еңбегі, жоғарыкәсібилігі және отандық ғылым мен білім беру саласын дамытуғақосқан елеулі үлесі үшін Бейсенова Мадина Унайбековнаға «Еренеңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл жоғары марапат оныңбілікті мамандар даярлауға, елдің ғылыми әлеуетін арттыруға жәнежоғары білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған ұзақ жылғыжемісті еңбегінің айқын көрінісі болды.
Іс-шара барысында мерейтой иесінің ғылым және жоғары білімсаласындағы еңбегі, экономикалық ғылымды дамытуға, жасмамандар даярлауға және білім беру үдерісін жетілдіруге қосқанүлесі ерекше аталып өтті. Әріптестері, шәкірттері мен ғылымиқауымдастық өкілдері Бейсенова Мадина Унайбековнаға шынайықұттықтаулар мен жылы лебіздерін білдіріп, оның жоғарыкәсібилігін, мамандығына адалдығын, зиялылығын жәнестуденттер мен жас зерттеушілерге деген қамқор көзқарасынерекше атап өтті.
Бейсенова Мадина Унайбековнаның ғылыми-педагогикалыққызметі бірнеше онжылдықтарды қамтиды. 1989 жылы ол«Әлеуметтік және экономикалық жүйелердегі басқару» мамандығыбойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады, ал 2010 жылы ҚР БҒМ Экономика институтында докторлықдиссертациясын қорғап, экономика ғылымдарының докторығылыми дәрежесіне ие болды. Кәсіби қызметі барысында олотандық экономикалық ғылымды дамытуға және ғылыми кадрлардаярлауға елеулі үлес қосты.
Э.ғ.д., доцент Бейсенова Мадина Унайбековна ұзақ жылдарбойы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттікуниверситетінде «Экономика және кәсіпкерлік», «Маркетинг» және«Экономика» кафедраларын басқарды. Сонымен қатар, ол жоғарыоқу орындарын аттестаттау және аккредиттеу комиссияларыныңжұмысына белсенді қатысып, білім беру бағдарламаларыныңсапасын арттыруға және Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндамытуға өз үлесін қосты. Оның көпжылдық тәжірибесі мен жоғары кәсіби біліктілігі әріптестері, студенттер мен академиялыққауымдастық тарапынан жоғары бағаланды.
Қазіргі уақытта Бейсенова Мадина Унайбековна әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ-нің, Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының доценті қызметінатқарады. Оның ғылыми еңбектері экономика, маркетинг, менеджмент, логистика және жоғары білім сапасын арттырумәселелеріне арналған. Ғалымның жетекшілігімен жасзерттеушілер даярланып, ғылыми жобалар жүзеге асырылып, ғылыми-әдістемелік еңбектер жарық көрді. Көптеген ғылымижарияланымдар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы ретіндеэ.ғ.д., доцент Бейсенова Мадина Унайбековна университеттіңғылыми және білім беру қызметіне белсенді түрде қатысудыжалғастырып келеді.
Мерейтойлық іс-шара аясында Бейсенова МадинаУнайбековнаның отандық ғылым мен жоғары білімді дамытуғақосқан көпжылдық үлесіне алғыс сөздер айтылды. Кездесугеқатысушылар оның педагогикалық шеберлігін, жоғарыжауапкершілігін, талапшылдығын және студенттер мен жасғалымдарды кәсіби дамуға әрі ғылыми ізденіске шабыттандырабілетін қасиетін ерекше атап өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Экономика және бизнес жоғары мектебінің ұжымы және қызметкерлердің «Парасат» кәсіподақ ұйымының мүшелері Бейсенова Мадина Унайбековнаны70 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, амандық, шабыт, сарқылмас күш-қуат және ғылыми-педагогикалыққызметіне толағай табыстар тілейді.
Басқа жаңалықтар