Стамбұл университетінің профессоры Ибрагим Каяның ҚазҰУ музейіне келді
12 мамыр 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне Стамбұл университеті заң факультетінің халықаралық құқық кафедрасының профессоры, доктор Ибрагим Кая келді.
Сапар барысында қонақ университет тарихымен, ҚазҰУ-дың ғылыми жетістіктерімен және көрнекті түлектерінің өмір жолымен танысты. Профессор Ибрагим Кая Қазақстанның білім және ғылым саласының көрнекті тұлғаларына, сондай-ақ университеттен шыққан танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлеріне ерекше қызығушылық танытты.
Кездесу аясында халықаралық білім беру, ғылым және академиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қонақ ҚазҰУ-дың халықаралық деңгейдегі беделі мен ғылыми әлеуетіне жоғары баға берді.