Седжонг мәдени академиясы Қиыр Шығыс кафедрасының студенттеріне арналған мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырды — ҚазҰУ

Седжонг мәдени академиясы Қиыр Шығыс кафедрасының студенттеріне арналған мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырды

8 маусым 2026
Седжонг мәдени академиясы Қиыр Шығыс кафедрасының студенттеріне арналған мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырды

2026 жылғы 1, 3, 5 маусым күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «Ханбок – Кореяның мәдени мұрасы» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті. Іс-шара Седжон мәдени академиясының ұйымдастыруымен және Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулдығының қолдауымен жүзеге асырылды. Шараға Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің оқытушылары мен 1, 2, 3 курс студенттері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттерді корей халқының дәстүрлі киімі ханбоктың тарихымен, мәдени ерекшеліктерімен және қазіргі қоғамдағы маңызымен таныстыру, сондай-ақ корей мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру және мәдениетаралық өзара түсіністікті дамыту болды. Сонымен қатар, студенттер арнайы дәрісті тыңдап, сұрақ-жауап сессиясына қатысты.

Шараның тәжірибелік бөлімінде қатысушылар ханбок кию дәстүрімен танысып, ұлттық киімді киіп көру мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ дәстүрлі корей үлгісіндегі брелок жасау бойынша шеберлік сабағына қатысып, корей мәдениетінің ерекшеліктерін тереңірек таныды. Іс-шара студенттердің шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға ықпал етіп, корей мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған маңызды мәдени алаңға айналды.