- Басты бет
- Жаңалықтар
- Философия және саясаттану факультетінде Моңғолия Ғылым академиясы Философия институтының делегациясымен кездесу өтті
Философия және саясаттану факультетінде Моңғолия Ғылым академиясы Философия институтының делегациясымен кездесу өтті
2026 жылғы 9 маусымда Философия және саясаттану факультетіне Моңғолия Ғылым академиясы Философия институтының делегациясы арнайы сапармен келді.
Делегация құрамында:
Б. Пүрэвсүрэн – Моңғолия Ғылым академиясы Философия институтының директоры;
М. Гантуяа – Моңғолия Ғылым академиясы Философия институтының ғылыми хатшысы;
Ж. Жаргалсайхан – Моңғолия Ғылым академиясы Философия институтының саясаттану және құқықтану бөлімінің меңгерушісі;
О. Эрдэнэчимэг – Моңғолия Ғылым академиясы Философия институты саясат бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері.
Қонақтарды факультет атынан декан Б.Б. Мейрбаев, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары А.Н. Карыбаева, Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Г.О. Насимова, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі А.Д. Құрманалиева, Философия кафедрасының меңгерушісі Н.Ж. Құдайбергенова, философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Алтаев және философия ғылымдарының докторы, профессор З.С. Айдарбеков қарсы алды.

Кездесу барысында тараптар Философия және саясаттану факультеті мен Моңғолия Ғылым академиясы Философия институты арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Әсіресе бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, ғылыми жарияланымдар әзірлеу, халықаралық ғылыми конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі өзекті философиялық, саяси және әлеуметтік-мәдени үдерістерді зерттеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу жылы әрі достық жағдайда өтті. Қатысушылар ғылыми мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасып, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен зерттеу бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған серіктестік байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.
.jpeg)
Делегацияның бұл сапары Қазақстан мен Моңғолия ғалымдары арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ философия, мәдениеттану және саясаттану салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.
Басқа жаңалықтар