Институттың алдағы жоспары талқыланды — ҚазҰУ

Институттың алдағы жоспары талқыланды

10 маусым 2026
Институттың алдағы жоспары талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ жанындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры Қайрат Әбусейітовті қабылдады. 

Кездесуге факультет декандары және құрылымдық бөлімдердің басшылары қатысты. 

Жиын барысында тараптар халықаралық қатынастар, әлемдік экономика салаларындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ университет пен институт арасындағы өзара байланысты нығайту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және жас ғалымдарды қолдау бағытындағы бастамалар сөз болды.

Қайрат Әбусейітов институттың негізгі қызмет бағыттары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы ақпарат беріп, ғылыми әлеуетті арттыру және халықаралық деңгейдегі зерттеулерді дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Өз кезегінде Жансейіт Түймебаев университеттің ғылым мен білім саласындағы стратегиялық басымдықтарына тоқталып, институттың қызметіне табыс тілеп, алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі