Халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығының перспективалары талқыланды — ҚазҰУ

Халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

10 маусым 2026
Халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Мәдениетаралық коммуникация және әлем тілдері орталығы халықаралық академиялық байланыстарын кеңейтуді жалғастыруда. 2026 жылғы 9 маусымда білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған кездесу Самарқанд мемлекеттік ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы және биотехнологиялар университеті өкілдерінің қатысуымен өтті.

Делегация құрамында өзбек, орыс тілдері, әдебиеті және шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы С.Х. Улиева, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Н Н. Нарзиева болды.

Кездесу барысында тараптар тілдік білім берудің заманауи үрдістерін, шетелдік білім алушыларға орыс тілін оқытудың ерекшеліктерін және оқытушылардың кәсіби даярлығын жетілдіру мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар тәжірибеге бағдарланған оқыту әдістерін енгізу және студенттердің ғылыми-зерттеу мен жобалық бастамаларға қатысу аясын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға, ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға өзара қызығушылықтарын білдірді. Ғылыми семинарлар, білім беру жобалары және академиялық алмасулар өткізу сияқты алдағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары айқындалды.

Өткен кездесу халықаралық ынтымақтастықты нығайту және оқытушылар мен студенттердің кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер жасау жолындағы маңызды қадам болды.

Мәдениетаралық коммуникация және әлем тілдері орталығының жетекшісі –  С. Бегалиева.