- Басты бет
- Жаңалықтар
- Болашақ метеорологтар «Қазгидромет» РМК базасында аэрологиялық практикадан өтті
Болашақ метеорологтар «Қазгидромет» РМК базасында аэрологиялық практикадан өтті
2026 жылғы 25 мамыр мен 13 маусым аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультеті Метеорология және гидрология кафедрасының «Метеорология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Алматы қаласындағы «Қазгидромет» РМК жанындағы аэрологиялық станция базасында аэрологиялық практикадан өтті.

Практика барысында білім алушылар аэрологиялық қызметтің жұмысымен танысып, атмосфераның жоғарғы қабаттарын зерттеу әдістерін, аэрологиялық бақылаулар жүргізу қағидаларын және алынған деректерді өңдеу ерекшеліктерін меңгерді. Студенттер заманауи құрал-жабдықтар мен атмосфераның жай-күйі туралы ақпарат алуға арналған технологиялармен танысуға ерекше қызығушылық танытты.

Аэрологиялық станция мамандарының жетекшілігімен студенттер оқу барысында алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп, аэрологиялық деректермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырды. Алған тәжірибе болашақ метеорологтарға аэрологиялық бақылаулардың ауа райын болжау мен атмосфералық үдерістерді мониторингтеудегі маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Метеорология және гидрология кафедрасы практиканы ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсеткені, сондай-ақ метеорология саласындағы білікті мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін Алматы қаласының аэрологиялық станциясы мен «Қазгидромет» РМК ұжымына алғыс білдіреді..jpeg)
Басқа жаңалықтар