- Басты бет
- Жаңалықтар
- Protect Environment – 2026 III Жазғы мектебі аясындағы заманауи білім беру технологиялары
Protect Environment – 2026 III Жазғы мектебі аясындағы заманауи білім беру технологиялары
2026 жылғы 29 маусымда «Methods of Assessing the Anthropogenic Impact on the Environment: Geosystems, Society, Education, Culture and Worldview» тақырыбындағы Protect Environment – 2026 III Жазғы мектебі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультеті Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары жазғы мектеп қатысушыларына дәрістер мен интерактивті сабақтар өткізді.
Кафедраның қауымдастырылған профессоры Айнұр Мусина және оқытушы Маржан Тұрсынғали «GIS-based Water Resources Assessment» тақырыбында дәрістер оқып, су ресурстарын бағалауда геоақпараттық жүйелерді (GIS) қолданудың заманауи тәсілдерімен таныстырды.
Жанар Раймбекова «Glaciers’ Lifelines: VR Experience» атты интерактивті сессия өткізіп, қатысушыларға Орталық Азиядағы мұздықтардың су ресурстарын қалыптастырудағы рөлін және климаттың өзгеруінің криосфераға әсерін көрсететін виртуалды шынайылық (VR) технологиясын таныстырды.
.jpeg)
Күннің екінші жартысында аға оқытушылар Жанар Раймбекова мен Тұрдыбуви Қазақбаева «Transboundary Waters and the Nexus Approach: Interactive Learning through the NEXUS Game» тақырыбында практикалық сабақ ұйымдастырды. Іскерлік симуляциялық ойын барысында қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын басқару мәселелерін және Nexus тәсілі аясындағы су, энергетика, азық-түлік пен экологиялық жүйелердің өзара байланысын талқылады. .jpeg)
Өткізілген сабақтар қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, су ресурстарын басқару мен климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы заманауи білім беру технологиялары және практикалық тәсілдермен танысуға мүмкіндік берді.
.jpeg)
Басқа жаңалықтар